Әлеуметтік желілер мен жаңалық сайттарын негізгі ақпарат көзі ретінде респонденттердің 54,3%-ы атаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бірақ теледидар да өз орнын сақтап отыр: сауалнамаға қатысқандардың 47,8% көгілдір экраннан көз жаза қоймаған. Маңыздысы - бұл ақпарат көздерінің екеуі өзара бәсекелес емес: деректерге сүйенсек, біреуін пайдалану екіншісіне деген сұранысты еш азайта қоймаған.

Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, жаңалықтар білудің басты арнасы ретінде Instagram әлеуметтік желісі көш бастап тұр - оны респондеттердің 59,4% ақпарат көзі ретінде пайдаланады. Екінші орында WhatsApp - 51%. Ал үшінші орында YouTube (30%)және TikTok (30,8%) орналасқан, бұл желілердің ақпарат көзі ретіндегі үлесі бірдей деуге де болады.
