Әнші Меруерт Түсіпбаева өмірден өткен құрбысын еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі досының өмірден өткеніне 40 күн толғанын айтып, жантебірентер жазба жариялады.
«Жақыныңнан айырылғанда көз жасына ерік беру күнә болса, онда Жаратқан адамға жылау қасиетін не үшін берген? Өмір мен өлімнің заңдылығын білсек те, қайғыны жүректен бірден өшіру мүмкін емес. Айналасына шуақ сыйлап жүрген Сәуленің арамыздан кеткеніне бүгін 40 күн болды. Жаның жәннатта шалқысын, аяулы құрбым», – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.
Айта кетейік, әншінің құрбысы, блогер Сәуле Базархан пластикалық отадан кейін көз жұмған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
