Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында және орталық өңірлерінде ыстық ауа райы сақталады.
40 градус ыстық: алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
213
оқылды

Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне, 27-28 маусымға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы демалыс күндері белсенді циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Күндізгі ауа температурасы республиканың батысы мен солтүстік-батысында +18...+26 °C-қа дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде аптап ыстықтың аздап бәсеңдеп, ауа температурасы +28...+38 °C аралығында болады. Солтүстік өңірлерде күндіз +22...+30 °C.

Сонымен қатар Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында және орталық өңірлерінде ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +33...+38 °C-қа дейін көтеріліп, жекелеген аудандарда аптап ыстық +40 °C-қа дейін жетеді деп болжанып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.