Бұған дейін ел азаматтары Әмірліктерде көлік жүргізу үшін міндетті түрде халықаралық жүргізуші куәлігін рәсімдеуі қажет болатын.
Қазақстандықтардың жүргізуші куәлігі енді Дубайда да жарамды болады
162
оқылды

Қазақстандықтар енді Біріккен Араб Әмірліктерінде халықаралық жүргізуші куәлігінсіз-ақ көлік тізгіндей алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл мүмкіндік Қазақстан мен БАӘ арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге қол қойылғаннан кейін пайда болды.

Құжатқа Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің ішкі істер министрлері қол қойды. Келісім күшіне енген соң қазақстандықтар қолданыстағы ұлттық жүргізуші куәлігімен көлік жалдап, БАӘ аумағында еркін жүре алады.

Бұған дейін ел азаматтары Әмірліктерде көлік жүргізу үшін міндетті түрде халықаралық жүргізуші куәлігін рәсімдеуі қажет болатын.

Ресми мәліметке сәйкес, жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктеріне шамамен 400 мың қазақстандық сапарлайды, ал 14 мыңға жуығы бұл елде тұрақты тұрады. Сондықтан жаңа келісім мыңдаған азаматтың жол жүруін жеңілдетпек.

Сонымен қатар Сыртқы істер министрлігі өңірдегі жағдайға байланысты аса қажеттілік болмаса, қазақстандықтарға Біріккен Араб Әмірліктері мен Таяу Шығыс елдеріне сапарды кейінге қалдыруға кеңес беріп отыр.