Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жетті.
Астанада жолаушылар мінген автобус өртенді
166
оқылды

Астананың Есіл ауданындағы Әл-Фараби даңғылы бойында бағыттық автобустың қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары жедел жетті.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер келген кезде автобустың қозғалтқыш бөлігі ашық жалынмен жанып жатқан. Құтқарушылар жеткенге дейін барлық жолаушы автобустан өздігінен шығып үлгерген.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында жалын қысқа уақытта толық сөндіріліп, оның автобусқа толық таралуына жол берілмеді.

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.