Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Алматы – Өскемен тас жолындағы жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
221
оқылды

Алматы – Өскемен тас жолында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бес адам көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 маусым күні кешкі уақытта автожолдың 432-шақырымында болған.

Апат салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен үш жолаушы қаза тапқан. Зардап шеккен екі жолаушыға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, жол апатының себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.