Салтанатты рәсімде оның жанында жұбайы Әйгерім мен қызы болды.
Нұралы Әліп MBA дәрежесін қызыл дипломмен тәмамдады
166
оқылды

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп MBA (Master of Business Administration) дәрежесін иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

26 жастағы футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында мантиямен түскен суретін жариялап, Ақтаудағы жоғары оқу орнынан бизнес және менеджмент бағыты бойынша халықаралық MBA бағдарламасын қызыл дипломмен аяқтағанын көрсетті. Салтанатты рәсімде оның жанында жұбайы Әйгерім мен қызы болды.

«2 диплом МВА», – деп жазды футболшы сторисінде.

Айта кетейік, өткен маусымда Нұралы Әліп «Зенит» сапында төртінші рет Ресей Премьер-лигасының чемпионы атанды. Оның клубпен келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Сондай-ақ ол Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны.