Бұған дейін олардың нақты қай түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқанына қатысты түрлі ақпарат тараған еді.
Адам өмірін 500 мың теңгеге «бағалаған» қылмыскерлер «Қара бүркіт» түрмесіне жеткізілді
162
оқылды

Атырау тұрғыны Яна Легкодимованы аса қатыгездікпен өлтіргені үшін өмір бойына сотталған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов Қостанай облысындағы №39 «Қара бүркіт» түзеу мекемесіне жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұған дейін олардың нақты қай түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқанына қатысты түрлі ақпарат тараған еді. «НеМолчиKZ» қоғамдық қоры Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне ресми сауал жолдап, сотталғандардың «Қара бүркітте» отырғанын нақтылауды сұраған.

Еске салсақ, тергеу мәліметінше, 2024 жылдың қазанында Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов Яна Легкодимованы алдап көлікке отырғызып, тұншықтырып өлтіріп, мәйітін Жайық өзеніне тастаған. Сотта қылмыстың WhatsApp арқылы алдын ала жоспарланғаны, ал жәбірленушінің өмірі 500 мың теңгеге бағаланғаны анықталған.

Сот оларды өмір бойына бас бостандығынан айырып, жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтеуге үкім шығарған. Кейін апелляциялық сот бұл үкімді өзгеріссіз қалдырды.