Прагадағы Еуропа кубогы 28 маусымда аяқталады.
Шерзод Давлатов дзюдодан Еуропа кубогының чемпионы атанды
163
оқылды

Қазақстандық дзюдошылар Чехияның Прага қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогында жүлделі орындарға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов финалда Франция өкілі Ян Мотоли Бонгамбені мерзімінен бұрын жеңіп, турнирдің алтын медалін иеленді.

Осы салмақта Нұраділ Әлжан қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасы Сұңғат Нұрлатұлынан басым түсіп, үшінші орынға ие болды.

Ал әйелдер арасында +78 келіде Карина Такиева қола медаль үшін күрескенімен, шешуші белдесуде португалиялық Рошели Нунеске есе жіберді.

Прагадағы Еуропа кубогы 28 маусымда аяқталады.