Прокуратура бұл бағыттағы заңдылықтың сақталуы ерекше бақылауда екенін мәлімдеді.
Аралда 264 мүмкіндігі шектеулі азаматқа медициналық бақылау жүргізілмеген
195
оқылды

Қызылорда облысының Арал ауданында прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде мүгедектігі бар азаматтарға медициналық көмек көрсету барысында бірқатар заң бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Прокуратура мәліметінше, созылмалы аурулары бар азаматтарды жоспарлы тексеру талаптары сақталмаған. Соның салдарынан 264 мүгедектігі бар азамат, оның ішінде 81 бала тиісті медициналық бақылаудан өтпеген.

Сондай-ақ ауданда ангиохирург маманының болмауына байланысты 38 тұрғын қажетті медициналық тексеруден өте алмаған.

Аталған заң бұзушылықтар азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығын шектеген. Прокуратура бұл бағыттағы заңдылықтың сақталуы ерекше бақылауда екенін мәлімдеді.