Қазгидромет 29 маусымда еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта жаңбыр жауады. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл болады. Ал облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыстан жел соғып, күндіз 35-38 градус аптап ыстық болады. Алматы мен Қонаевта күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістанда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болса, оңтүстік-шығыста жел соғып, 35-37 градус ыстық сақталады. Өскеменде күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі.
Ұлытау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, бұршақ, дауыл болады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болса, күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Семейде күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай ойнап, бұршақ жауады.
Қарағанды облысы мен Атырау облысында жаңбыр, найзағай жарқылдап, нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Батыс Қазақстан облысы мен Ақмола облысында осындай ауа райы күтілуде.
Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы мен Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Ал Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде нөсер жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл болады. Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болады.
