Биылғы бес айда бұл төлем 134 ер азаматқа тағайындалған. Олардың ішінде Алматы қаласында – 26, Шымкентте – 18, Астанада – 11 әке бар. Төлем алған ер азаматтардың жасы – 22 мен 53 жас аралығы.
Әкелердің декреттік демалысқа шығуы азайып келеді
188
оқылды

Қазақстанда бала күтіміне байланысты демалысты ана да, әке де рәсімдей алады. 2026 жылдың бес айында бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алғандардың 99,8%-ы – аналар, ал әкелердің үлесі небәрі 0,2%-ға жеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Заң бойынша бала күтіміне байланысты демалысқа ана да, әке де шыға алады. Алайда бұл құқықты іс жүзінде өте аз ер адам пайдаланып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі декреттік демалысты пайдаланатын ер азаматтардың саны әлі де өте аз екенін жеткізді. 

2026 жылдың алғашқы бес айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем 431 002 адамға тағайындалған. Оның ішінде 99,8 пайызы – аналар, ал 0,2 пайызы ғана – әкелер.

Ведомство соңғы бес жылдағы көрсеткішті де ұсынды.

2021 жылы – 3 134 әке;

2022 жылы – 1 367 әке;

2023 жылы – 583 әке;

2024 жылы – 477 әке;

2025 жылы – 341 әке бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алған.