Жүйені енгізудің арқасында нәтижелерді өңдеу уақыты екі сағаттан 10-15 минутқа дейін қысқарды.
Ұлттық ұлан Е-Nazar цифрлық жүйесін толықтай енгізіп жатыр
фото: баспасөз қызметінен алынды
123
оқылды

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланында Е-Nazar әскери қызметшілерін психологиялық сүйемелдеудің цифрлық жүйесі енгізіліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.⚠️

Жүйені енгізудің арқасында нәтижелерді өңдеу уақыты екі сағаттан 10-15 минутқа дейін қысқарып, қағаз құжаттамасының көлемі 80%-ға азайды. Ал психологиялық қызмет мамандарының жұмыс уақытын жалпы үнемдеу шамамен 2000 сағатұа жетті. ✅

Жүйе психологиялық тестілеуден өткізуді, нәтижелерді автоматты түрде өңдеуді және аналитикалық деректерді қалыптастыруды бірыңғай орталықтандырылған процеске біріктіреді.⏺

Платформада мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің, келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің және офицерлердің психологиялық тестілеуден өту мүмкіндігі қарастырылған.🔐

E-Nazar-дың басты артықшылықтарының бірі — дербес деректерді қорғаудың жоғары деңгейі, ақпаратты өңдеудің жоғары жылдамдығы, қағаз құжаттамасының көлемін азайту және психологиялық қызмет мамандарына жүктемені айтарлықтай азайту.🪖

Психологиялық әдістердің электрондық нұсқаларын ұландық қос сарбаз — ефрейтор Ким Хён У мен қатардағы Берікжан Бектұрсынов аға офицерлердің басшылығымен әзірлегені жобаға ерекше мән береді. Олар жасаған ақпараттық өнім патенттелген, бұл оның жаңалығы мен практикалық маңыздылығын растайды.⏺

Цифрлық жүйенің тиімділігі елордалық 5573 әскери бөлімінде тәжірибелік апробация барысында расталды. Сәтті тестілеуден кейін жоба Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының барлық бөлімшелерінде автоматтандырылған психологиялық мониторингтің бірыңғай құралы болуға дайын.

E-Nazar-ды енгізу Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының қызметті цифрландыру және әскери қызметшілерді психологиялық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытындағы кезекті қадамы болды.