Қазақстанда әлеуметтік төлемдерге бөлінетін қаржы 860 миллиард теңгеге қысқарады
2027 жылдан бастап әлеуметтік төлемдерге бөлінетін қаржы азаяды
157
оқылды

Қазақстанда 2027 жылдан бастап әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдерге бөлінетін бюджет 860 миллиард теңгеге оңтайландырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Үнемделген қаржы білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және мәдениет салаларын дамытуға бағытталмақ.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, әңгіме әлеуметтік төлемдерді тоқтату туралы емес. Мақсат – мемлекеттік қолдауды шын мәнінде мұқтаж азаматтарға жеткізіп, бюджет қаражатын тиімді пайдалану.

Оның айтуынша, қазіргі кезде мемлекеттік бюджет шығындарының жартысынан көбі әлеуметтік төлемдерге жұмсалады. Соңғы алты жылда бұл сома 3 триллион 300 миллиард теңгеден 6 триллион 700 миллиард теңгеге дейін өскен.

Үкімет үнемделген қаражатты білім беру, денсаулық сақтау және ғылым салалары арқылы халықтың өмір сапасын жақсартуға бағыттауды жоспарлап отыр.