Ақтөбеде полиция қызметкерлері әртіс әрі жауынгер Еркебұлан Тоқтарға көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік хаттама толтырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол тәртіп сақшыларының әрекетіне қарсылық білдірмей, заң талаптарын қолдайтынын айтты.
«Керек емес. Бұл – заң. Қайта бұған қуанып тұрмын. Кім болсаң да, заң алдында бәрі тең. Полиция өз жұмысын атқарып жатыр. Мен өзім ойланбай қалыппын», – деді Еркебұлан Тоқтар.
Хаттама рәсімделгеннен кейін актер полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, олармен бірге суретке түсті.
