30 маусымда Шымкентте жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Qosanov Memorial - World Athletics Continental Tour Bronze Level күнтізбесіне енген және халықаралық маусымдағы маңызды кезеңдердің бірі.
Биыл додаға 11 елден 250-ге жуық спортшы қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының көшбасшылары да бар.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс бағдарламасына 27 жекелей дисциплина және 4 эстафеталық сайыс енген.
Айта кетейік, турнир 1 шілдеде аяқталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
