Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өз мәресіне жетті.
Ұлттық ұланның «Жас бүркіт» командасы «Айбын-2026» халықаралық жиынында жеңіс тұғырынан көрінді
199
оқылды

Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өз мәресіне жетті. Биылғы беделді додаға бес мемлекеттен келген 50 команда қатысып, әскери-қолданбалы спорт түрлері мен зияткерлік сайыстарда бақ сынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының намысын қорғаған «Жас бүркіт» әскери-патриоттық сыныбы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, бірнеше сайыс бойынша жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтқанда, команда:

* Арқан тарту сайысында І орынды;

* Әскери кросс бойынша І орынды;

* Робототехника сайысында ІІ орынды;

*Әскери эстафетада ІІ орынды иеленді

Бұл жетістіктер қатысушылардың жан-жақты дайындығын, физикалық төзімділігі мен әскери машықтарын ғана емес, сонымен қатар командалық бірлігі мен жеңіске деген жігерін айқын көрсетті.

«Жас бүркіт» тәрбиеленушілерінің жоғары нәтижелері – жаттықтырушылардың қажырлы еңбегі мен жүйелі дайындықтың жемісі. Сонымен қатар бұл жеңістер жас ұрпақтың әскери-патриоттық рухын нығайтып, Отанға адал қызмет етуге деген ұмтылысын арттыра түсетіні сөзсіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.