Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады , – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында франциялық Лоис Буассонды 2:1 есебімен жеңді.
1 сағат 49 минутқа созылған тартысты кездесуде Елена Рыбакина жеңіске жетті. Осылайша, теннисші екінші айналымға өтті.
Александр Бублик те Уимблдонның екінші кезеңіне өтті.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда австралиялық Танаси Коккинакисті 5 сетке созылған матчта 4:6, 6:3, 6:7, 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
