Бұл туралы Ақорда жазды.
Мемлекет басшысы Канада премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады
207
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Канада күні – ұлттық мейрамына орай осы елдің премьер-министрі Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Президент еліміз Канадамен достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Карнидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Канада халқына құт-береке тіледі.