Тергеу нұсқасына сәйкес, талапқа көнбегендерге жұмыстан шығару немесе қызметін төмендету арқылы қысым көрсетілген.
Ұлттық қауіпсіздік қызметі Жақсылық Омардың қалай ұсталғанын көрсетті
229
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омардың ұсталуына қатысты тергеу барысының мән-жайын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың соңында Омардың қарамағындағы ұйым қызметкерлері мен өзге де азаматтардан қызметтік қолдау көрсету сылтауымен тұрақты түрде ақша талап еткені туралы жедел ақпарат түскен. Тергеу нұсқасына сәйкес, талапқа көнбегендерге жұмыстан шығару немесе қызметін төмендету арқылы қысым көрсетілген.

2026 жылғы 4 ақпанда құқық қорғау органдары арнайы операция жүргізіп, күдіктіге ақшаның бір бөлігін бақылаудағы тәртіппен тапсырған. Кейін оның Өскемендегі үйіне тінту жүргізіліп, ақша қаражаты тәркіленді.

ҰҚК мәліметінше, адвокаттың қатысуымен өткен алғашқы жауап алу кезінде Жақсылық Омар кінәсін мойындаған. Тергеу барысында алаяқтыққа қатысты қосымша эпизод та тіркелген.

Еске салсақ, 2026 жылғы 1 сәуірде сот Жақсылық Омарды кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырған.