Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Осы сағатта Қазақстан бойынша 97 науқас тіркелді:
Нұр-Сұлтан қаласында – 55 адам
Алматы қаласында – 34 адам
Қарағанды каласында – 2 адам
Шымкент қаласында – 2 адам
Алматы облысында – 1 адам
Ақтобе облысында – 1 адам
Жамбыл облысында – 1 адам
Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ауруханадан шығады. Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау», – деп жазған еді.