Ұзақ жасаушылардың 88 пайызын әйелдер құрайды.
Жапонияда 100 жастан асқан адам саны рекордтық деңгейге жетті
209
оқылды

2025 жылдың қыркүйегінде жиналған статистикалық мәліметтерге сәйкес, Жапонияда 100 жастан асқан тұрғындардың саны бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұзақ жасаушылардың 88 пайызын әйелдер құрайды.

Токионың Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ресми деректерге сәйкес, бұл көрсеткіш Жапонияны халықтың өмір сүру ұзақтығы бойынша әлемдегі жетекші елдердің қатарына қосып отыр.

Мамандар мұны жапондардың дұрыс тамақтану мәдениетімен байланыстырады. Ел тұрғындарының күнделікті ас мәзірінде балық пен көкөніс басым, ал семіздік деңгейі өте төмен. Сонымен қатар «Радио Тайсо» атты күнделікті гимнастика жасау дәстүрі мен қартайғанша белсенді өмір салтын ұстану жүрек-қан тамырлары және онкологиялық аурулардың алдын алуға ықпал етеді.

Оған қоса,  кейбір зерттеушілер мұндай жаһандық статистиканың дәлдігіне күмән келтіреді. Бұған дейін жүргізілген мемлекеттік тексерулер барысында кейбір отбасылардың ұзақ жасаған туыстарының қайтыс болғанын уақытында тіркемегені анықталған. Мұндай жағдайлар бюрократиялық кідірістерге немесе марқұмның зейнетақысын алуды жалғастыру мақсатында орын алғаны айтылған.

«Біз бұл азаматтардың қоғамның дамуына қосқан ұзақ жылғы үлесін жоғары бағалаймыз», – деп мәлімдеді Жапония Денсаулық сақтау министрлігі Қарттарды құрметтеу күніне арналған дайындық барысында.

Жапонияда бұл ұлттық мереке аясында 100 жасқа толған азаматтарға ел премьер-министрінің арнайы құттықтау хаты табысталады.

Қазіргі уақытта Жапониядағы ең қарт тұрғын – Нара префектурасында тұратын 115 жасқа таяған Сигэко Кагава. Ал елдегі ең егде ер адам – 112 жасқа толған Киетака Мидзуно.