Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Пленарлық отырыста Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков, Азия даму банкінің секторлар және тақырыптық бағыттар бойынша вице-президенті Фатима Ясмин, Citi компаниясының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі бас басқарушысы Дэвид Ливингстон, CNPC вице-президенті Сун Даюн, Air Liquid компаниялар тобының Африка, Таяу Шығыс, Үндістан және Орталық Азия өңірлік кластерінің президенті Николя Пуаро сөз сөйледі.

