Ол жаңадан салынған үйін су басқанын көрсетіп, видео жариялады.
«Үйімді су басты...»: Мөлдір Әуелбекова қиын жағдайға тап болғанын айтты (видео)
230
оқылды

Әнші Мөлдер Әуелбекова үйі су астында қалғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.   

Ол жаңадан салынған үйін су басқанын көрсетіп, видео жариялады. Енді жөндеу жұмыстарын басынан бастайтынын айтқан ол көпшіліктен қолдау сұрады.

«Үйімді су басты. Еденнің бәрі су, паркеттің бәрін алып тастадық. Мебельдің бәрін шығарып тастадық. Мынау менің жатын бөлмем еді ғой, сіздерге көрсеткен едім. «Сабыр түбі сары алтын» деп, сабырлы Мөлдірге тағы да сабыр берсін деп тілеңіздер. Жап-жаңа үйіміздің осылай быт-шыты шықты. Қайырлысы шығар, әр нәрсенің қайыры бар. Тілеулес халқым, маған қолдау білдіріп қойыңыздар», — дейді ол. 

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, пікір жазып жатыр.

«Үйіңді көрсетпеу керек еді, көз тиген ғой. Қуанышты, бақытты сәтті тек тыныштықпен, ешкімге жария жасамай ғана көтеру керек», «Әр нәрсенің қайыры бар. Бұл да сынақ шығар», «Осыған да шүкір, бастарыңыз, балалар, туыстар аман. Қайырымен келген дүние ғой, сабыр», «Осымен бүкіл жамандық кетсін», - деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.