Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирінде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 50-ракеткасы, америкалық Кэти Макналимен кездесті.
Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның сенімді жеңісімен аяқталды – 6:1, 6:2.
Теннисшілер кортта 1 сағат 11 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бір эйс жасап, үш қос қателікке жол берді және 10 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Теннис федерациясы мәліметінше, енді үшінші айналымда Рыбакина әлемнің 25-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
