Жарты жылда елімізде жеңіл электромобильдер саны тұрақты өсіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Ұлттық статистика бюросының сайтына сілтеме жасап.
1 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда 24 634 жеңіл электромобиль тіркелген. Соңғы 12 айда олардың саны 55,6% артты. Бір жыл бұрын елімізде 15 835 электромобиль есепте тұрған болатын.
Қала үлесіне елдегі барлық электромобильдердің 62% тиесілі – 15 280 құрайды. Саны бойынша көшбасшы өңірлер үштігіне, сондай-ақ Астана қаласы (2 885 бірлік) мен Алматы облысы (1 589 бірлік) кіреді.
Электромобильдер Қазақстанның барлық өңірлерінде тіркелгенімен, өңірлер бойынша таралуы біркелкі емес. Ең төмен көрсеткіш Абай облысында – 78 бірлік және Ұлытау облысында 41 бірлік тіркелді.
