Ведомство ата-аналар мен заңды өкілдер балаларын тәрбиелеуге, олардың мінез-құлқы мен қауіпсіздігіне жеке жауапты екенін атап өтті.
Алматы облысында бір топ жасөспірім ер адамды соққыға жыққан
фото: www.istockphoto.com
210
оқылды

Алматы облысы Қаскелеңде кәмелетке толмаған бір топ жасөспірім мас күйдегі ер адамды ұрып-соққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиғаға жасөспірімдер қатысқандықтан, балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылады.

«Қазір жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Сонымен қатар заңды өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптары мен мұндай әрекеттерге жол берілмейтіні түсіндірілді. Зардап шеккен азаматтың ешқандай шағымы жоқ және ол арыз жазудан бас тартты», – делінген полиция хабарламасында.

Ведомство ата-аналар мен заңды өкілдер балаларын тәрбиелеуге, олардың мінез-құлқы мен қауіпсіздігіне жеке жауапты екенін ерекше атап өтті.