Құтқарушылар оқиға орнына жеткенге дейін демалушылар жағалаудан шамамен 30 метр қашықтықта болған 2006 жылы туған қыздың мәйітін судан шығарып алған.
Қапшағайда қайғылы оқиға: суға батқан екі жастың мәйіті табылды
180
оқылды

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында екі жас суға батып, көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 1 шілде күні «112» қызметіне Қонаев қаласындағы «Жаса» демалыс аймағы маңында, шомылуға арналмаған жерде екі адамның суға кеткені туралы хабарлама түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткенге дейін демалушылар жағалаудан шамамен 30 метр қашықтықта болған 2006 жылы туған қыздың мәйітін судан шығарып алған.

Ал екінші адамды іздеуге Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағы жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жалғасып, 2 шілде күні таңертең құтқарушылар жағалау маңынан 2004 жылы туған жігіттің мәйітін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол қаза тапқан бойжеткенмен бірге болған.

Осыған байланысты ТЖМ азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, тек арнайы жабдықталған жағажайларда ғана шомылуға шақырды.