Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.
Немерелі болған Сәкен Майғазиев қуанышын бөлісті
164
оқылды

Қазақстандық әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайымен бірге түскен әсерлі суретін жариялап, оқырмандарына ақжарма тілегін жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жақында ата атанған өнер иесі немерелі болған қуанышын әлеуметтік желіде бөлісуді жалғастырып келеді.

«Ата мен әжеден мың сәлем! Қасиетті жұма күні тілектеріміз қабыл болсын», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары жазба астына жылы лебіздерін қалдырып, Сәкен Майғазиевтің отбасын қуанышты оқиғамен құттықтады. Олар жас нәрестеге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақытты өмір тілеп, әншіге ата жолы құтты болсын деген ізгі ниеттерін білдірді.