Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы барлық матч аяқталып, 1/8 финалға жолдама алған құрамалардың толық тізімі белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан әлем біріншілігінің келесі кезеңінде командалар мынадай жұптарда кездеседі (Астана уақытымен):
4 шілде
21:00 – Канада – Марокко.
5 шілде
01:00 – Парагвай – Франция.
6 шілде
00:00 – Бразилия – Норвегия;
04:00 – Мексика – Англия;
23:00 – Португалия – Испания.
7 шілде
04:00 – АҚШ – Бельгия;
20:00 – Аргентина – Мысыр.
8 шілде
00:00 – Швейцария – Колумбия.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты турнир тарихында алғаш рет 48 ұлттық құраманың қатысуымен өтіп жатыр. Ал чемпионаттың финалдық кездесуі 19 шілдеге жоспарланған.
