Қостанай облысының Жітіқара қаласында ТЖМ қызметкерлері Шортанды өзенінде суға түсу кезінде батып кете жаздаған әйелді құтқарды.
Оқиға кешкі уақытта профилактикалық рейд барысында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 1990 жылы туған әйел шомылуға арналмаған жерде суға түскен. Жағалаудан шамамен 50 метрге дейін жүзіп барып, өздігінен кері қайта алмай, көмекке мұқтаж болған.
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, әйелді жағаға жеткізіп, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ
