Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.
Солтүстік Қазақстанда жалаңаш күйде субұрқаққа шомылған ер адам қамауға алынды
290
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында мас күйдегі ер адам жалаңаш күйде субұрқаққа түсіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Полиция мәліметінше, ер адамның оғаш әрекеті тұрғындардың назарын аударып қана қоймай, тәртіп сақшыларының да бақылауына іліккен. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды.

Құқық бұзушы түсініктемесінде достарымен бірге сыра ішкенін айтып, кейін қандай себеппен субұрқаққа шомылуға шешім қабылдағанын есіне түсіре алмайтынын жеткізген.

Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция тұрғындарды осындай құқық бұзушылықтардың куәсі болған жағдайда оқиғаны видеоға түсіріп қана қоймай, жедел түрде құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.