АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Axios басылымы жазды.
Басылымның мәліметінше, әңгіме барысында Владимир Зеленский Дональд Трампты АҚШ-тың тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құттықтаған.
Әзірге тараптар телефон әңгімесінің мазмұнына қатысты қосымша ақпарат жариялаған жоқ. Сондай-ақ Ақ үй де, Украина президентінің кеңсесі де келіссөздің егжей-тегжейіне байланысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
