Соққының қатты болғаны сонша, ер адам оқиға орнында көз жұмған.
Павлодарда жеңіл көлік бағанаға соғылып, жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды
140
оқылды

Павлодар қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, жол жиегіндегі трамвай желісінің тірегіне соғылған. Соққының қатты болғаны сонша, ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел медициналық жәрдем бригадасы жедел жетті.

Қазіргі уақытта полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Ведомствоның мәліметінше, апаттың нақты себептері тергеу барысында белгілі болады.