Оқырман сұрағына жауап берді.
«Бала күтушілермен ағылшынша сөйлесемін»: Ерке Есмахан жан сырын ақтарды
289
оқылды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Instagram stories бөлімінде оқырман әншіден блогын неге тек қазақ тілінде жүргізетінін сұраған. Әнші өзге тілді білетінін, алайда өз тіліне құрметі жоғары екенін айтты.

“Мен блогер емеспін, әншімін. Мен қазақтың қызы болған соң, қазақша жазып, сөйлеймін. Мені әр түрлі ұлт өкілдері оқиды, қарайды. Осы тұста қазақ тілінің мәртебесін өзіміз көтерген жөн емес пе?! Шетелдіктердің парақшасын қараймыз, олар өз тілінде сөйлейді, оларды түсінеміз ғой мысалға. Парақшам тек қазақша болса, мен басқа тілде сөйлей алмаймын деген сөз емес. Шетелге жиі шығамыз, керек жерінде басқа тілде де сөйлейміз. Айтпақшы, бала күтушілермен ағылшынша сөйлесем. Орысша кітап оқимын. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!”, — деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.