Ең көп сәби №2 көпбейінді қалалық ауруханада өмірге келген.
Астана күнінде 24 нәресте өмірге келді
Фото: istockphoto.com
176
оқылды

Елорда күні Астана перзентханаларында 24 нәресте дүниеге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Қала әкімдігі мәліметінше, 6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден бастап елордадағы медициналық ұйымдарда 15 ұл және 9 қыз туған.

Ең көп сәби №2 көпбейінді қалалық ауруханада өмірге келген. Мұнда 9 нәресте туған, олардың 8-і ұл, 1-еуі қыз.

Қалалық перинаталдық орталықта 7 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 4 ұл мен 3 қыз бар.

Ал №3 көпбейінді қалалық ауруханада 8 нәресте туған. Оның 3-еуі ұл, 5-еуі қыз.

Дәрігерлердің айтуынша, барлық ана мен жаңа туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты. Олар дәрігерлердің бақылауында болып, қажетті медициналық көмекті алып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.