Оның көбісі – Түркістан облысында дүниеге келген, 67 сәби.
Астана күні елімізде 450-ге жуық сәби дүниеге келді
фото: www.istockphoto.com
138
оқылды

Астана күні – 6 шілдеде еліміздің медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 223 ұл және 225 қыз бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәл мереке күні Қазақстанда екі егіз дүниеге келді, олардың екеуі де Астана қаласында туған.

Оның көбісі – Түркістан облысында дүниеге келген, 67 сәби. Алматы қаласында 44 сәби өмір жарық дүниеге келсе, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, жүкті, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге перзентхана мамандары тәулік бойы қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.