Оның арасында бірнеше басшы да қысқартылған.
"ҚазМұнайГаз" компаниясының 10 пайыз қызметкері қысқартылды
фото: www.istockphoto.com
149
оқылды

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Асхат Хасенов оңтайландыру аясында компанияның орталық кеңсесінде қанша қызметкер қысқартылғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол бұл туралы Үкіметтегі брифингте мәлімдеді.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басшысы Асхат Хасенов компанияның орталық аппаратындағы оңтайландыру туралы, оның ішінде бірнеше басшының қысқартылғаны туралы айтты.

"10 пайызы, яғни, 47 адам. Барлығы еңбек заңнамасы мен нақты еңбек шарттары аясында жасалуда", - деді Асхат Хасенов.

Ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акционерлері: "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ - 67,42 пайыз, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі - 20 пайыз, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі - 9,58 пайыз, азшылық акционерлер - 3 пайыз.