Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қызды болғанын мәлімдеді.
«Қош келдің, қызым!»: белгілі әнші Ринат Шамшырақ әке атанды
185
оқылды

Әнші әрі блогер Ринат Шамшырақ пен жұбайы Аружан Төренің отбасында қуанышты жаңалық болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында қызды болғанын мәлімдеді.

«Аллаға мың шүкір. Жақсылар, құттықтап қойсаңыздар болады. Бүгін Алланың қалауымен әке атандым. Қош келдің, қызым! Осындай сәт сіздерге де жұғысты болсын. Ана болу, әке болу бақытын шын жүректен тілеймін», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ Ринат Шамшырақ қызының есімін ата-әжесі қоятынын айтып, жұбайына алғысын білдірді.

«Есімін бұйыртса, атасы мен әжесі өзіміз қоямыз деді. Осындай сәтті сыйлаған жарыма алғысым шексіз», – деді ол.

Желі қолданушылары жас ата-ананы құттықтап, сәбиге амандық, ұзақ ғұмыр, ал отбасына бақ-береке тіледі.