World Tennis жасөспірімдер рейтингінің тоғызыншы ракеткасы екінші айналымда әлемдік рейтингте 33-орында тұрған аустралиялық Даниэль Йовановскимен кездесті.
Заңғар Нұрланұлы Уимблдонның үшінші айналымына шықты
Фото: ҚТФ
160
оқылды

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

World Tennis жасөспірімдер рейтингінің тоғызыншы ракеткасы екінші айналымда әлемдік рейтингте 33-орында тұрған аустралиялық Даниэль Йовановскимен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Нұрланұлының 6:1, 6:1 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 55 минут өткізді.

Осылайша, Зангар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына жолдама алып, келесі кезеңде германиялық теннисші Венсан Рейсахпен кездеседі.

Теннис федерациясы мәліметінше, қазақстандық тағы бір жасөспірім Дамир Жалғасбай жекелей сындағы жарысын екінші айналымда аяқтады. Дегенмен ол Уимблдон-2026 турнирінің жұптық сынында өнер көрсетуін жалғастырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.