Актриса, продюсер Назгүл Қарабалина журналист Жанар Байсемізге сұхбат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Актриса отбасына, әсіресе балаға байланысты орынсыз сұрақ қоятын адамдарға ренішін білдірді. Ол «Неге бір ғана балаңыз бар?» деген сауал өзіне ауыр тиетінін ашық айтты. Сонымен қатар адамның тағдырын, басындағы жағдайды білмей тұрып, мұндай сұрақ қойғанды дұрыс емес деп санайтынын жеткізді.
«Неге бір бала туған? Басқа балалары жоқ па?» деген сұрақ қойып жатады. Мұны надан сұрақ деп ойлаймын. Оны надандық дейміз бе, білімсіздік дейміз бе? Бас-аяғын білмей жатып, бірнәрсе айтуды мен тіпті күнә деп есептеймін. Кім балаларым көп болса деп армандамайды? Менде де арман болды. Құдай солай берді, оған қарсы келе аламыз ба? Ұлымыз өсіп келе жатыр, оған шүкіршілік дейміз”, – деді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
