Оның айтуынша, Конституциялық соттың түсіндірмесі тек Мемлекет басшысына ғана емес, сонымен қатар бірқатар басқа лауазымды тұлғаларға да қатысты айтылған.
Армангүл Тоқтамұрат: Ең бастысы – Конституция барлық адамға бірдей қызмет етуі керек
123
оқылды

Журналист Армангүл Тоқтамұрат Конституциялық соттың ресми түсіндірмесіне қатысты пікір білдіріп, бұл шешімнің құқықтық және саяси маңызына тоқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Бұл жерде, маңызды месседж – заңның дұрыс әрі бәріне бірдей қолданылуы. Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін қоғамда түрлі пікірлер айтылды. Осы ретте, Президент Конституциялық сотқа жүгініп, ресми түсіндірме сұрады. Ал  сот өз шешімімен Ата Заңның қалай қолданылатынын нақтылап берді.

Меніңше, бұл шешім ешкімнің автоматты түрде қайта сайланатынын немесе тағайындалатынын білдірмесе керек. Тек, заңның қандай мүмкіндік беретінін айқындағандай. Ал кімнің ел басқаратынын халық бұрынғыдай сайлау арқылы шешпек.  Ең бастысы – Конституция барлық адамға бірдей қызмет етуі керек, – деді журналист. 

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Конституциялық соты 2026 жылғы Конституциядағы жоғары мемлекеттік лауазымдарға сайлану және тағайындалу тәртібіне қатысты  ресми түсіндірме берген болатын.