Автобус жүргізушісінің айтуынша, ол кенеттен жүгіріп шыққан екі ер адамға назар аударып, олардың артынан жүгіріп келе жатқан үшінші жаяу жүргіншіні байқамай қалған.
"Жүргіншілер жолағына жүгіріп шыққан": Алматыда ер адамды автобус қағып кетті
фото: www.istockphoto.com
145
оқылды

Бүгін Алматыда №99 бағыттағы жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Автобус Саин даңғылымен төмен қарай, Рысқұлов көшесінің маңында келе жатқан кезде жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен.

Оқиға тікелей жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Автобус қағып кеткен ер адам ауыр жарақат алды.

Жүргізушінің сөзінше, зардап шеккен жаяу жүргінші мас күйде болған. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Қазір дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін жансақтау бөлімінде күресіп жатыр.