Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады.
Кеңейтілген стратегиялық серіктестік көкжиегі
115
оқылды

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор Стив Дэйнсті АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығымен құт­тық­тады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы көпжос­пар­лы ынтымақтастықтың даму қар­қы­нын жоғары бағалады. Сауда-эко­но­ми­ка­лық және инвестициялық ықпал­дас­тық­тың орнықты өсіміне назар ау­да­рыл­ды. 

Президент былтыр қараша айында АҚШ-қа сапары барысында қол қойыл­ған екіжақты келісімдерді сапалы жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңында Майамиде өтетін G20 сам­митіне қатысу үшін АҚШ-қа жасайтын са­пары аясында екіжақты ықпал­дас­тық­ты одан әрі тереңдетуге дайын екенін айт­ты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Құрама Штаттар арасындағы кеңей­тіл­ген стратегиялық серіктестікті нығайтуға үлес қосқаны, сонымен бірге Джексон-Вэник түзетулерінің күшін жою жө­нін­дегі заңнамалық бастаманы ілгерілету мә­селелері бойынша елімізді ұдайы қол­дап келе жатқаны үшін сенаторға ри­за­шылығын білдірді.

Стив Дэйнс қазақ-америка қарым-қа­тынасын кеңейтуге бейілділігі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа АҚШ Прези­ден­ті Дональд Трамптың жылы лебізі мен ықыласын жеткізді. 

Сенатор Қазақстанның жаңа Конс­ти­туция қабылдағанына ерекше тоқ­та­лып, Президентті ауқымды саяси рефор­ма­ларды табысты іске асыруымен құт­тық­тады.

Стив Дэйнс Негізгі заңға арқау бол­ған қағидаттар мен құндылықтар Қа­зақ­станды қуатты әрі озық мемлекет ре­тін­де одан әрі жаңғыртуға берік негіз қа­лайтынына сенім білдірді. Әңгімелесу бары­сында халықаралық және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пі­кір алмасу өтті.