2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депу­таттарын сайлау өтеді.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы
117
оқылды

Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады.

Құрылтайдың құрамына Сайлау туралы Конституциялық заңда бел­гілен­ген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойын­ша партиялық тізімдер бойынша сайланатын 145 депутат кіреді.

Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.

Жиырма бес жасқа толған және елдің аумағында соңғы он жыл бойы тұрақ­­ты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы депутат бола ала­ды.

Партиялық тізімде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адам­дар­­дың жиынтық үлесі оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемін­де 30 пайызын құрауға тиіс.

Партиялық тізімде адамдарды орналастыру тәртібін саяси партиялар дербес айқындайды.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы