Астанада «Құрылтай сайлауы: конституциялық негіздер және саяси трансформация» атты сараптамалық талқылау алаңы өтті.­­
Құрылтай сайлауының құқықтық негізі
102
оқылды

Құқықтанушы ғалымдарды, саясаттану­шы­ларды, әлеуметтанушыларды, экономистерді, еліміздің жетекші сараптамалық орталық­тары­ның және мемлекеттік органдардың өкілдерін бірік­тірген сараптамалық алаңды Президент жа­нындағы Қазақстанның стратегиялық зерт­теулер институты мен Қоғамдық саясат инс­ти­туты ұйымдастырды.

Құрылтай сайлауының конституциялық және құқықтық негіздеріне арналған бірінші сес­сияны саясаттанушы Ғазиз Әбішев жүргізді. Пі­кірталас барысында қатысушылар жаңа өкілді органды қалыптастырудың конституциялық негіздерін, сайлауды өткізудің құқықтық кепіл­діктерін, қоғамдық бақылау тетіктері мен аза­маттардың сайлау құқықтарын қорғауды қам­тамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ алдағы сай­лау науқанын ақпараттық сүйемелдеудің рө­лін талқылады.

VIII-ші шақырылымдағы Мәжілістің экс-депутаты Марат Башимов сайлауды реттейтін конституциялық қағидаттарды егжей-тегжейлі тал­қылап, Негізгі заң Құрылтайдың мемлекеттік би­лік жүйесіндегі орнын анықтайтынын және сай­лау процесінің құқықтық стандарттарын белгілейтінін атап өтті.

Саясаттанушы, VIII-ші шақырылымдағы Мә­жілістің экс-депутаты Айдос Сарым алдағы сай­лау науқаны жаңа конституциялық модельдің алғаш­қы практикалық сынағы болады деген пікір білдірді. Оның пікірінше, алғашқы сай­лау­дың сапасы жаңа институттардың орнықтылығы мен қоғамның оларға деген сенім деңгейін ай­қын­дайды.

Әділет министрлігінің Заңнама және құ­қық­тық ақпарат институтының директоры Жанар Жігітекова сайлау заңнамасын бұзу фак­тілері бойынша сот арқылы қорғалудың, ша­ғым­дану тетіктерінің және заңдық жауап­кершіліктің маңызын атап өтті.

Талқылау алаңының екінші сессиясы жаңа элек­торалдық жағдайда саяси партиялардың стра­тегиясы мен орны мәселесіне арналды. Сес­сияны Президент жанындағы Қазақстан стра­тегиялық зерттеулер институтының дирек­торы Жандос Шаймарданов жүргізді.

Сараптамалық алаңның екінші бөлігінде пар­тиялық жүйенің трансформациясы, партия­лық құрылыстың дамуы, саяси өкілдіктің сапа­сын арттыру, партиялардың әртүрлі әлеуметтік топ­тармен өзара іс-қимылы, сондай-ақ қазіргі ме­дианың және саяси мәдениеттің сайлау үде­рістеріне ықпалы талқыланды.

Саясаттанушы Эдуард Полетаев Құрылтайды тек партиялық тізімдер арқылы қалыптастыруға көшу саяси партиялардың қоғам мүддесін біл­діре­тін негізгі институт ретіндегі рөлін едәуір арт­­­тыратынын айтты.

Өз кезегінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлт­тық университетінің проректоры, саясат­тану­шы Индира Рыстина партиялардың идеоло­гия­лық бірегейлігін нығайту, кадрлық әлеуетін да­мыту және түрлі әлеуметтік топтардың сұра­ныс­та­рын тереңірек түсіну қажеттігіне тоқталды.

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер ор­талығының президенті Гүлмира Илеуова аза­маттардың электоралдық мінез-құлқына қа­тыс­ты әлеуметтанулық көзқарасын ұсынды. Ол жаңа саяси модельдің орнықтылығы институттардың са­пасына ғана емес, саяси мәдениеттің деңгейіне жә­не партиялардың қоғаммен тұрақты өзара бай­ланысына да тәуелді екенін атап өтті.

А.Сейіл