«Әділет» партиясында мем­лекеттік органдардың, IT бизнестің, қар­жы сек­торының және сарапшы­лар қоғам­дастығының өкілдерін біріктірген «Цифрлық мемлекет. Тиімді институттар» тақырыбындағы сараптамалық сессия өтті. Қатысу­шылар цифрлық экономиканы дамыту, жасанды интеллектіні енгізу, мемлекеттік басқару ісін жетілдіру және отандық технологиялық ком­панияларды қолдау мәселелерін тал­қылады.
Еліміздегі технологиялық компанияларға қолдау көрсетіледі
131
оқылды

Кездесуді ашқан «Қазақтелеком» АҚ басшысы әрі партия Саяси кеңесінің мү­шесі Бағдат Мусин мемлекет пен отандық IT бизнес арасында өзара тиімді іс-қимыл орнамайынша, цифрлық эко­номика одан әрі дамымайтынын атап өтті.

«Бүгінде ақпараттық технологиялар саласына қатысты ең негізгі тапсырыс берушілердің бірі – мемлекет. Сондықтан IT компаниялармен өзара іс-қимыл барысы түсінікті ережелерге, ашық рәсімдерге және болжамды шарттарға негізделуі аса маңызды», – деді ол.

Тақырыпты жалғастырған Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин цифрлық мемлекеттің заңнамалық базасын дамыту, жасанды интеллект инфрақұрылымын қалыптастыру және жаңа экономикаға қажет мамандар даярлау мәселелері туралы баяндады.

Нарық өкілдері практикалық ұсы­ныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, Halyk Bank АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нариман Мукушев цифрлық мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін кеңейтуді және мемлекеттік цифрлық сервистерді әзірлеу ісіне бизнесті белсенді түрде тартуды ұсынды. Сондай-ақ технологиялық кәсіпкерлік, венчурлік қаржыландыру, платформалық жұмыспен қамту және саланың кадрлық әлеуетін дамыту мәселелеріне де баса назар аударылды. MOST Holding компаниясы­ның негізін қалаушылардың бірі Павел Коктышев венчурлік капитал нарығын дамыту бойынша ұсы­ныстарын айтса, Қазақстандағы inDrive компания­сының басшысы Арай Бекембаев платформалық жұмыспен қамтуды реттеу ісін жетілдіру мәселелеріне тоқ­талды. Ал Қазақстандық IT ком­паниялар қауымдастығының президенті Айымгүл Әбілева отандық IT компа­ниялардың жүйелі жұмыс істеуі үшін неғұрлым болжамды жағдай қалып­тастыруға қатысты ұсыныстарын жет­кізді.

Сарапшылар цифрлық мемлекетті дамыту, заңнаманы жетілдіру, отандық IT компанияларға қолдау көрсету, жасанды интеллектіні енгізу және цифрлық экономикаға қажет кадрлар даярлау бағытындағы өз ұсыныстарымен бөлісті.