Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендер жоқ.
Астанада Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ұсталды
168
оқылды

Астанада жол-көлік оқиғасына қатысы бар деген күдікпен Олимпиада чемпионы, боксшы Данияр Елеусінов ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kozachkov offside Telegram арнасына сілтеме жасап. 

Оқиға 8 шілде күні «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының маңында болған. Екі жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан бірнеше автокөлік зақымданған. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі бірнеше көлікпен соқтығысып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған көлікті Достық көшесінде тоқтатқан. Көлік тізгінінде отырған 35 жастағы ер адам мас күйде болған.

"Өз кезегінде Астана қаласының Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының болғанын және жүргізушінің оқиға орнынан кеткенін растады. Алайда ведомство жүргізушінің жеке басын жариялаған жоқ", – делінген Kozachkov offside жазбасында.

Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Астананың Полиция департаменті оның қорытындысы бойынша жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Полицияның мәліметінше, «Заң және тәртіп» қағидаты бәріне бірдей қолданылады. Танымалдылығына, мамандығына, лауазымына немесе еңбегіне қарамастан, заңды бұзған әрі жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан әрбір адам заң аясында жауап береді.