ТЖМ бөлімшелерінің қызметкерлері Шымкент қаласындағы Сасбұқаев көшесінде болған өртті сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Нақтыланған мәлімет бойынша, өрт бірқабатты жиһаз цехында және оның жанында орналасқан дүкенде шыққан.
– Оқиғаның алғашқы минуттарынан бастап ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылып, өрт сөндіру штабы құрылды және үздіксіз су беру қамтамасыз етілді. Өртті сөндіру барысында жиһаз цехы ғимаратының шатыры опырылып түсті, – делінген хабарламада.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге ТЖД 58 жеке құрам мен 22 техника жұмылдырылды.
