Қытайдың Ордос қаласында жеңіл атлетикадан жастар арасында Азия чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алғашқы жарыс күні қазақстандық атлет Екатерина Пузырева 100 метрге жүгіруде сынға түсті. ҚР ҰОК мәліметінше, бірінші айналымда отандасымыз 12.31 секунд уақыт нәтижесін тіркеп, жетінші орынмен финалға жолдама алды.
Айта кетейік, аталған дисциплинада финалдық кезең Астана уақытымен 19:35-те басталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
